Аймақтар • 13 Тамыз, 2021

Семейде төрт күн бұрын жоғалған адамның мәйіті табылды

1570 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Семей қаласында төрт күн бұрын жоғалған 30 жастағы ер азаматтың мәйіті табылды, деп хабарлайды Egemen.kz ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Семейде төрт күн бұрын жоғалған адамның мәйіті табылды

ШҚО ТЖ департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 12 тамызда «112» қызметіне қоңырау шалған азамат Семейдегі Ертіс өзенінен ер адамның денесі табылғанын хабарлады.

Оқиға орнына дереу жеткен құтқарушылар мәйітті жағаға шығарды.

«Анықталғандай, бұл 8 тамызда жоғалған 30 жастағы жігіт болып шықты. Ол достарымен су жағасында демалып жүріп жоғалып кеткен. Өзен жағасынан оның жеке заттары табылды», деп мәлім етті ведомство өкілдері.

Осы уақытқа дейін департаменттің №7 құтқару бөлімінің қызметкерлері іздеу жұмыстарын жүргізгенімен, ер адамның денесі табылмаған еді.