Білім • 13 Тамыз, 2021

Жаңа «Әліппе» мен «Букварь» қандай болады?

1086 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның Білім және ғылым министрлігі жаңа «Әліппе» мен «Букварь» қандай болатынын көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz Aibat ақпараттық қызметіне сілтеме жасап.

Жаңа «Әліппе» мен «Букварь» қандай болады?

БҒМ Білім беру мазмұнын сараптау республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры Елдос Нұрланов жаңа «Әліппе» қазақ лингвистикасының негізін қалаушы Ахмет Байтұрсыновтың әдістемесімен шығарылғанын алға тартты.

Салмағы 300 грамм болатын кітап бетін қазақстандық бірінші сынып оқушылары 1 қыркүйектен бастап аша алады.

«Жаңа «Әліппені» құрастыру кезінде әріптердің кезектілігі мен басқа да тәсілдер сақталды. Әрине, мұның бәрі заманауи технологиялар мен жетістіктерге байланысты», деді Елдос Нұрланов.

Дәстүрлі «Букварьмен» қоштасу мектептерге қайта оралады.

«2016 жылы білім беру реформасы болып, аталған пәннің оқу мақсаттары күрделене түсті. Біз жас мемлекетпіз, қадамдар мен реформалар жүргізудеміз, олардың барлығы сәтті бола бермейді. Өкінішке қарай, «Сауат ашуда» біз бұл символды жоғалтып алдық, яғни «Әліппе» - бұл баланың мектептегі алғашқы кітабы. Ол жаңа білім беру бағдарламасына негізделген. Кітаптың жаңа нұсқасы жеңілдетілді. Мақсаты - баланы оқу мен жазуға талпындыру. Кітап ең алдымен сөз, буын, дыбыс деген негізгі ұғымдармен таныстырады, содан кейін ғана 13-сабақта «А» әріпіне жетеді. Сонан соң - «Р». Әріптерді оқытудың бұл тәсілі Ахмет Байтұрсыновқа тиесілі. Алдыңғы нұсқада басқа тәртіп болды. Ғалымдардың айтуынша, дәл осы тәртіп біздің тіліміз үшін анағұрлым табиғи», деді Елдос Нұрланов.