Коронавирус • 13 Тамыз, 2021

Бас санитар дәрігер Vero Cell вакцинасының кері әсері туралы айтты

767 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 12 тамыз 2021 жылғы №35 «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің № 28 қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Қаулысы жарияланды, деп жазады Egemen.kz.

Бас санитар дәрігер Vero Cell вакцинасының кері әсері туралы айтты

Вакцина 18 жастан асқан ересектерге арналған. Ол 21-28 күн аралықпен салынатын дозадан тұрады. Әр доза 0,5 мл құрайды.

Вакцинаға қарсы көрсетілімдер:

1)  вакцинаның кез келген компонентіне (оның ішінде қосымша заттарға) аллергия;

2) вакцинаға аллергиялық реакциялар (жедел аллергиялық реакция, ангионевроздық ісіну, ентігу);

3) бақыланбайтын эпилепсия немесе жүйке жүйесінің басқа да үдемелі аурулары, сондай-ақ анамнезінде Гийен-Барре синдромының болуы;

4) жүктілік және лактация кезеңі;

5) 18 жасқа дейін жас ерекшелік.

Егер вакцинациядан кейін жүйке жүйесінде жағымсыз реакциялар пайда болса, екінші дозасын салуға тыйым салынады.

Вакцина салдырған соң төмендегілей жанама әсері білінуі мүмкін:

1)   өте жиі: инъекция орнындағы ауырсыну, бас ауруы;

2)   жиі: қызба, шаршау, миалгия, артралгия, жөтел, ентігу, диарея, қышыну;

3) жиі емес: қызару, ісіну, қатаю, бөртпе, қышыну, бас айналу, анорексия, құсу, ауыз-жұтқыншақтың ауыруы, дисфагия, тұмау, іш қатуы, аса жоғары сезімталдық;

4) сирек: эритема, жедел аллергиялық реакция, шаршау, ұйқышылдық, ұйықтай алмау, түшкіру, назофарингит, мұрынның бітелуі, тамақтың құрғауы, тұмау жағдайы, тітіркендіргіштерге төмен сезімталдық (гипестезия), аяқ-қолдардағы ауырсыну, жүрек соғысының жиілеуі, іш аймағындағы ауырсыну, бөртпе, терінің және шырышты қабықтардың қалыптан тыс жағдайы, безеу, көздің ауыруы (офтальмодения), құлақтағы жағымсыз сезімдер, лимфа түйіндерінің ұлғаюы (лимфаденопатия);

5) өте сирек: қалтырау, дәм сезудің бұзылуы, дәм сезбеу, күйдіру және ашыту сезімі (парестезия), тремор, зейін концентрациясының бұзылуы, мұрыннан қан кету (эпистаксис), демікпе ұстамалары, тамақтың жыбырлауы, тонзиллит, физикалық жайсыздық, мойынның ауыруы, жақтың ауыруы, мойынның тығыздалуы, ауыздың шырышты қабығындағы жаралар, тіс ауруы, өңеш қызметінің  бұзылуы, гастрит ұстамалары, нәжістің түссізденуі, көздің ауыруы (офтальмодения), бұлыңғыр көру, көздің тітіркенуі, құлақтың ауыруы, күш түскенін сезіну, қысым, төмен қан қысымы, несеп ұстамау, етеккірдің кешігуі.

«Вакцинамен байланысты күрделі жанама реакциялар байқалған жоқ», деп жазылған Қаулыда.