көрнекі сурет
Бүгін ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінде Қарағанды облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндірушілері мен 52859 әскери бөлімінің әскери қызметшілерін салтанатты марапаттау шарасы өтті.
Олар биылғы шілде айының басында Қарағанды облысында тұтанған дала өртінің жақын маңдағы елді мекендерге таралуының алдын алды.
Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан Бауыржан Біләловке, Ұлан Кеңеске, Владимир Малютинге, Аятолла Нәбиевке «Ерлігі үшін» медальдарын, сондай-ақ Қазыбек Әмірбековке, Болат Оразбековке, Мәди Рүстемге, Ержан Сұлтанбековке Құрмет грамоталарын табыстады.
«Біздің құтқарушылар дала өрттерін сөндіруге атсалысқан қатысушылармен бірге Байқоңыр, Алғабас, Түйемойнақ, Пионер, Ақтас, Құлымбек, Малшыбай елді мекендерін қорғап, оттың қарқынды таралуының алдын алды. Барлығы 40 500 гектардан астам дала өртін жойды. Министр марапатталушыларға ауыл шаруашылығы алқаптарын сақтап, елді мекендерді ауқымды апаттан құтқарудағы көрсеткен батырлығы мен жоғары кәсіби біліктілігі үшін алғыс айтты. Марапаттау рәсімінен кейін Қарағанды облысының өрт сөндірушілері мен әскери қызметшілері үшін ҚР Ұлттық музейінде және №4 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде экскурсия өткізілді», деді ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің ресми өкілі Талғат Уәли.