Елорда • 13 Тамыз, 2021

Елордада карантин талабын ескермеген 8 мекеме жауапқа тартылды

139 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өткен тәулікте, 12 тамызда елорданың мониторингтік топтары қаланың кәсіпкерлік объектілері арасында 8 карантин бұзушыны анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елордада карантин талабын ескермеген 8 мекеме жауапқа тартылды

Есіл ауданында белгіленген уақыттан кейін «Панаехали» бары мен «Opus One» мейрамханасы келушілерді қабылдаған. Байқоңыр ауданында орналасқан «Зейд» демалыс клубында карантин шектеулерінің сақталмағаны анықталды.

Жұмыс режимінің бұзылуы Алматы ауданының тағы 5 мекемесінде – «Паначи» барында, «Плов центр» кафесінде, «Алания» түнгі клубында, «Тема» компьютерлік клубында және «Донер» кафесінде тіркелді.

Тәртіп бұзушыларға қатысты жиналған барлық материалдар әкімшілік сипаттағы шаралар қабылдау үшін санитарлық-эпидемиологиялық бақылау саласындағы уәкілетті органға берілді.

Естеріңізге сала кетейік, Нұр-Сұлтан қаласындағы эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз болып қалуда, коронавируспен ауыратындар саны өсуде. Күн сайын ковидтік ауруханаларға аурудың орташа және ауыр ағымы бар ондаған науқас түседі. Елорда тұрғындары мен қонақтары саналы түрде саннормалар мен шектеу шараларын қатаң сақтауы, адамдар көп жиналатын орындардан аулақ болуы және өз денсаулығы мен айналасындағылардың қауіпсіздігін сақтау үшін вакцинациялануы тиіс.