Аймақтар • 13 Тамыз, 2021

Мойынқұмдықтар Қызылорда облысына 1 вагон шөп жіберді

281 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жамбыл облысы Мойынқұм ауданынан Қызылорда облысына 1000 тең шөп жөнелтілді, деп хабарлайды Egemen.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Мойынқұмдықтар Қызылорда облысына 1 вагон шөп жіберді

Мойынқұм ауданының әкімі Мәден Мұсаевтың қолдауымен және Қарабөгет ауылдық округінің әкімі Бағдат Сатыбалдиевтің ұйымдастыруымен Қызылорда облысы, Сексеуіл ауылына 1 вагон (1000 тең) шөп жөнелтілді.

Бұл ілкімді іске ерекше атсалысқан Қарабөгет ауылдық округіне қарасты Құмөзек ауылының «Мақпал» шаруа қожалығының жетекшісі Нұржан Байұзақов пен «Айтжан» шаруа қожалығының жетекшісі Жарас Саулебаевтың еңбектерінің көп екенін айта кеткен жөн.

«Мойынқұм – шөбі шүйгін, тастай салған таяғы тамырланған тал боп өсетін топырағы құнарлы нағыз шөптің отаны деуге болады. Асан қайғы бабамыздың «…Жеті жыл қатарынан жұт келсе де аша тұяқ мал қалса сенің бауырыңда қалады екен» деп жоғары баға беруіде сондықтан болар. Қазір елімізде болып жатқан қуаңшылықта «малым жанымның садағасы» деп мал азығы үшін жанын шүберекке түйіп, шөптен таршылық көріп отырған аймақтар қатары азаяр емес. Оларға Үкіметтің және жаны жомарт жеке кәсіпкерлердің қолдауымен республикамыздың түкпір-түкпірінен көптеген көмектер көрсетілуде. Бұл тұрғыда қашанда қайырымды істің қатарынан қалмайтын мойынқұмдықтар да белсенділік танытуда»,  дейді аудан әкімі.

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50