Аймақтар • 13 Тамыз, 2021

ШҚО әкімі мейрамхана басшыларына қатаң талап қойды

235 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Аймақ әкімі ресторан басшыларымен онлайн-кездесу өткізді. Онда Даниал Ахметов бұған дейін мейрамханаларға санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтап, «Ashyq» жүйесіне қосылу арқылы жұмыс істеуге рұқсат берілгенін еске салдыдеп жазады Egemen.kz baq.kz-ке сілтеме жасап. 

ШҚО әкімі мейрамхана басшыларына қатаң талап қойды

Бүгінгідей қиын уақытта бизнесті қолдау үшін осындай шешім шыққан еді. Алайда, көп ұзамай кәсіпкерлер клиенттерін арнайы қосымша арқылы тексеруді тоқтатты. Облыстың «Қызыл» аймаққа өткенін елемей, жұртқа жүйені қалай алдап, айналып өтуге болатынын ашық айта бастады.

«Бүгін рестораторлармен кездескенде не жауапкершілікпен жұмыс істейсіңдер, не мүлдем жұмысты тоқтатасыңдар деп мәселені төтесінен қойдым», деді облыс басшысы.

Аймақ әкімі ресторандар жұмыстарын жалғастыру үшін қатаң түрде «Ashyq» жүйесі арқылы жұмыс істеп, келген қонақтардың мәртебесін шын тексерулері тиіс екенін тағы ескертті. Сондай-ақ олар клиенттердің эпидемиологиялық жағдайын тексеру үшін қоғамдық бақылауды ұйымдастыруға міндетті, мерекелік іс-шара өткізетіндері жөнінде екі тәулік бұрын әкімдіктерге ескертіп, міндеттеме алулары керек.

«Біз осылай ғана науқас адаммен байланыста болғандардың санын нақтылай аламыз. Карантин талаптарын бұзса және мейрамханаларға келген қонақтардың жаппай вирус жұқтырғаны анықталса, ең қатаң шара қолданылады»,  деді Даниал Ахметов.

Кеңес қорытындысы бойынша меморандум дайындау жөнінде шешім қабылданды. Оған жұмысты жалғастырғысы келетін және қоғам алдында жауап беруге дайынмын деген ресторан қожайындары қол қояды.