Алматы облысы бойынша ҚАЖД ЛА-155/14 орташа қауіпсіздік мекемесіне ер адам скотчпен оралған 14 телефонды, 76 SIM-картаны және бес зарядтау құрылғысын термопот электр шәйнегінің түбіне жасырып өткізуге тырысқан.
Мекеме, 3660 ә/б және мамандандырылған прокуратура қызметкерлерінің қырағылығының арқасында тыйым салынған заттарды беру фактісіне жол берілмеді.
«Қазіргі уақытта аталған факті бойынша қызметтік тексеру жүргізіліп, жиналған материалдар ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабына сәйкес әрі қарай процессуалдық шешім қабылдау үшін Қапшағай қалалық сотына жіберілетін болады», деп түсіндірді Алматы облысы бойынша ҚАЖД бастығының міндетін атқарушы Қанат Ашов.