Спорт • 13 Тамыз, 2021

Футзалдан студенттер арасындағы әлем чемпионатының қайда өтетіні белгілі болды

187 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Турнир 2022 жылы 18-24 шілде аралығында Шанхайда өтеді, деп жазады Egemen.kz Prosports.kz-ке  сілтеме жасап.

Футзалдан студенттер арасындағы әлем чемпионатының қайда өтетіні белгілі болды

Турнир 2022 жылы 18-24 шілде аралығында Шанхай қаласында өтеді.

Турнир Шанхай инженерлік ғылымдар университеті базасында ұйымдастырылады. Әлем чемпионатына 16 ерлер және 16 қыздар құрамасы қатысады деп жоспарланып отыр. 

Айта кетейік, бұған дейінгі студенттер арасындағы әлем чемпионаты 2018 жылы Алматыда өткен болатын. Қазақстан құрамасы финалда Ресейден 2:4 есебімен ұтылып, күміс медальға ие болды.