Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы қант сатудың белгіленген шектеуіне қатысты жағдайды түсіндірді. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын жеткізу туралы келісім Magnum, Small және Toimart сияқты сауда желілерімен жасалды.
«Жоғарыда аталған дүкендер желісінде бір адамға бес келі қант қана сатылады. Мұндай шара алып-сатарлардың алдын алу үшін қабылданды. Базар және өзге де сауда нүктелерімен салыстырғанда мұнда қант бағасы 10-15% төмен», деп түсіндірді әкімдіктен.
Басқармадағылар қант сатып алуға қойылған шектеулер тапшылықпен байланысты емес екенін атап өтті.