Спорт • 13 Тамыз, 2021

Олимпиада нәтижелеріне талдау жасалады – Андрей Крюков

341 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан құрамасының Олимпиада ойындарында көрсеткен нәтижелеріне талдау жасалады, деп мәлімдеді брифингте ҚР ҰОК бас хатшысы Андрей Крюков, деп жазады Egemen.kz.

Олимпиада нәтижелеріне талдау жасалады – Андрей Крюков

Алдағы апталарда ҚР ҰОК республикалық федерациялармен және министрлікпен бірлесіп, Қазақстан құрамасының соңғы Олимпиада ойындарына қатысуы мен оның нәтижесін талдау бойынша жұмыстар жүргізеді.

«10 қыркүйекке дейін спорт федерациялары ұсыныстар мен табысты немесе сәтсіз ойынның себептерін талдай отырып, Олимпиада ойындарына қатысу туралы толық есеп береді. Қыркүйек айының соңына қарай біз қорытынды шығарып, қателіктерді түзету мен келесі Олимпиадалық циклге дайындық бойынша жаңа жұмыс жүйесі басталады», деді Крюков.

Сондай-ақ Андрей Крюков биыл Қазақстан намысын Токио Олимпиадасында қорғаған спортшылардың пандемия кезеңінде табанды дайындалып, бұған дейінгі спортшылардың мұндай күрделі ситуацияға түспегенін атап өтті.

«Токиоға әдеттегіден 100 адам аз барды. Қазақстан Республикасының делегациясы 196 адамды құрады. Оның ішінде 157 спортшы мен жаттықтырушы, 20 кешенді маман, ғылыми топтар, штабтардан 9 адам және 4 маман допингке қарсы бақылауды қамтамасыз етуге тартылды», деді ҚР ҰОК бас хатшысы Андрей Крюков.