Энергетика • Бүгін, 13:33

Қырғызстанда кондиционерді аз қолдану үшін қызметкерлердің киім үлгісі өзгертілді

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қырғыз Республикасы Министрлер кабинетінің төрағасы Әділбек Қасымалиев мемлекеттік қызметкерлерге арналған жаңа жұмыс киім ережесін енгізу туралы өкімге қол қойды. Жаңа талапқа сәйкес, мемлекеттік органдар қызметкерлері костюм киюден бас тартып, тек жейдемен жұмыс істеуі тиіс. Оның сөзінше, бұл шешім электр энергиясын үнемдеу үшін қабылданған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қырғызстанда кондиционерді аз қолдану үшін қызметкерлердің киім үлгісі өзгертілді

Үкімет басшысының айтуынша, шешім 14 мамырдан бастап күшіне енеді.

Ол бұл бастама Жапония тәжірибесіне негізделгенін атап өтті. Онда мемлекеттік мекемелерде энергия үнемдеу мақсатында галстуксыз және жеңіл киім форматы енгізілген.

Қамшыбек Ташиевке Қырғызстанда мемлекеттік төңкеріс жасауға әрекеттенді деген айып тағылды

Үкімет басшысы костюмнен бас тарту кондиционерді аз қолдануға мүмкіндік беріп, электр энергиясын үнемдеуге ықпал ететінін айтты.

«Қазір біз костюммен жұмыс істеп, кондиционер қосамыз. Егер тек жейде кисек, кондиционерді қосудың да қажеті болмайды. Электр энергиясын үнемдеуіміз керек», деді Әділбек Қасымалиев.

Еске салайық, бұған дейін Қырғызстанда атом электр станциясын салу мәселесін референдумға шығару мүмкіндігін қарастырып жатқандығын жазған болатынбыз. 

Соңғы жаңалықтар