Аманбек Жұмыров еңбек жолын балалар ауруханасында дәрігер хирург болып бастаған. 2015 жылы Атырау облысы Махамбет аудандық орталық ауруханасында бас дәрігер болды.
Кейінгі жылдары Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы, облыстық туберкулезге қарсы балалар санаториясының директоры, облыстық балалар ауруханасының директоры қызметтерін атқарған.
Аманбек Жұмыров ағымдағы жылдың маусым айынан бастап осы күнге дейін Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқарма басшысының тұрғындарға медициналық көмекті ұйымдастыру жөніндегі орынбасары қызметін атқарып келді.