Теннис • 14 Тамыз, 2021

Елена Рыбакина Монреаль турнирінің жартылай финалына шықты

166 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Монреаль WTA 1000 турнирінде жұптық сында жартылай финалға шықты, деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасап.

Елена Рыбакина Монреаль турнирінің жартылай финалына шықты

Жұптық сында Елена Рыбакина мен ресейлік Вероника Кудерметова  норвегиялық Ульрикке Эйкери мен америкалық Кэтрин Харрисонмен кездесті. 56 минутқа созылған ширек финалда қарсыластарын 6:0, 6:2 есебімен ұтты.

Матч барысында Е.Рыбакина мен В.Кудерметова 3 эйс, 5 брейк жасады.

Енді Рыбакина мен Кудерметова жартылай финалда канадалық Габриэла Дабровски мен бразилиялық Луиза Стефанимен таласады.