Әлем • 14 Тамыз, 2021

Анапада туристерді жаппай эвакуациялау басталды

57 рет көрсетілді

Анапа қаласында жаңбыр салдарынан бес шипажай мен сауықтыру орталығы су астында қалды. Қонақтармен бірге 450-ден астам адам эвакуацияланды, деп хабарлайды Egemen.kz gazeta.ru сайтына сілтеме жасап.

Фото: pixabay.com

«Апат салдарын жою бойынша кешенді жұмыс жүріп жатыр. Қазіргі уақытта су басқан пансионаттардан, демалыс орталықтары мен елді мекендерден 458 адам эвакуацияланып, уақытша мекенге орналастырылды», деп хабарлады Краснодар өлкесінің штабынан.

Эвакуация «Огонёк» лагерінде, «Соловей» пансионатында, «Бригантина» шипажайында, «Динамо» демалыс орталығында және Виноградное ауылындағы жеке үй тұрғындары үшін жүргізілді.

Анапа, Славян және Темрюк аудандарында нөсер жаңбырдың салдарынан 352 жеке үй мен оған жақын 878 аумақты су басқаны анықталды. Сондай-ақ, Волна Революциясы елді мекені аймағындағы облыстық жолдың бір бөлігі эрозияға ұшырады.

Бұған дейін Анапада ауа райының қолайсыздығына байланысты төтенше жағдай режимі енгізілген болатын. 12-13 тамыз аралығында қалада 152,2 мм-ден астам жауын-шашын түсті. Бұл облыс үшін төрт айлық норма.

Су тасқыны салдарынан 330-дан астам бала «Огонёк» балалар шипажайынан эвакуацияланды.

Краснодар өлкесі мен Қырымда 15 тамызға дейін нөсер жаңбыр күтіледі.

Соңғы жаңалықтар

ПИК пен МИБ-тің «шайқасы»

Қазақстан • Кеше

Көлікқұмарларға арналды

Экономика • Кеше

Қымбат ем-дом қолжетімді

Медицина • Кеше

Өлке тәжі – Өлеңті

Аймақтар • Кеше

Ақшоқыда арқар атқан...

Аймақтар • Кеше

Ұқсас жаңалықтар