«2020 жылдың 24 қыркүйегінде Щучинск қаласының 35 жастағы тұрғыны Бурабай аудандық ішкі істер бөліміне жүгінді. Оның айтуынша, 2020 жылдың 15 қыркүйегінде автокөлік сату туралы жарнама сайтынан «ВАЗ 2107» шинасын сату туралы хабарландыру көрген. Сатушымен хабарласып, сатып алуға келіседі. Сатушы бұл дөңгелектерді сатып алғысы келетіндер көп екенін айтып, алдын ала 420 мың теңге аударуды ұсынған», дейді Ақмола облысы ПД баспасөз қызметі.
Жәбірленуші хабарландырудағы арзан бағаға қызығып, ақшаны жарнама беруші көрсеткен шотқа аударған. Осыдан кейін сатушы байланысқа шығуды тоқтатқан.
«Жедел-іздестіру шараларын жүргізу нәтижесінде полиция күдіктілерді анықтады. Олар Павлодар қаласының 21 және 22 жастағы тұрғындары болып шықты», деп жазылған хабарламада.
Анықталғандай, олар осылайша республиканың әр аймағының тұрғындарын алдаған.
Қазіргі таңда аталған іс ҚР ҚК 190-бабы бойынша қаралып жатыр.