Елорда • 14 Тамыз, 2021

Нұр-Сұлтанда 10 мекеме әкімшілік жауапкершілікке тартылды

245 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өткен тәулікте, 13 тамызда елорданың мониторингтік топтары қаланың кәсіпкерлік объектілері арасында карантин бүзған 10 мекемені анықтады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Нұр-Сұлтанда 10 мекеме әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Есіл ауданында 4 мекеме карантин режимін елемеген. Олар: «Garage», «Meat and Beer», «MILLIONAIRE» мейрамханалары және «Baoli» кафесі.

Байқоңыр ауданындағы «Шашлыкоff» және «Гампур» барларында және «Tokyo» компьютерлік клубында да еліміздің бас санитарлық дәрігерінің қаулысы орындалмағаны анықталды. 

Саннормалардың сақталмауы Алматы ауданының «Панаехали» атмосфералық барында және Сарыарқа ауданының «Хива» және «Нирвана» мекемелерінде де тіркелді.

Тәртіп бұзушыларға қатысты жиналған барлық материалдар әкімшілік сипаттағы шаралар қабылдау үшін санитарлық-эпидемиологиялық бақылау саласындағы уәкілетті органға берілді.