Әлем • 14 Тамыз, 2021

Бір отар қойға найзағай түсті

308 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Грузияның оңтүстігіндегі Абули тауының етегіне жай түсіп, 500-ден астам қой қырылып қалған, деп хабарлайды Egemen.kz «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап.

Бір отар қойға найзағай түсті

Жағдайға байланысты қалалық әкімдікте арнайы топ құрылды.

«Мұндай жағдай бірінші рет болып отыр. Найзағайдың осыншама қойды жайратқаны туралы бұған дейін естіген жоқпыз. Әрине, мэрия қолдау көрсетеді, бірақ алдымен жаппай өлімнің себебін анықтау үшін мамандардың қорытындысы керек», дейді Нинотсминда мэрінің орынбасары Александр Микеладзе.

Орынбасардың айтуынша, жайылым ауылдан бірнеше шақырым жерде орналасқан. Қой өлекселері бірден сол жерде өртеледі, өйткені таудан оларды түсіру мүмкін емес. Көлік мұндай биіктікке көтеріле алмайды.