Теннис • 15 Тамыз, 2021

Қазақстандық теннисші ATP турнирінің финалында жеңіліп қалды

249 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық Дмитрий Попко Прагадағы ATP турнирінің финалында қарсыласына есе жіберді, деп жазады Egemen.kz

Қазақстандық теннисші ATP турнирінің финалында жеңіліп қалды

Д.Попко финалда чехиялық Далибор Сврчинамен ойнады.

Корт иесі екі партияда да үздік шығып, 6:0 және 7:5 есебімен жеңіске жетті. Кездесу 1 сағат 39 минутқа созылды.

Еске сала кетейік, Дмитрий 1/2 финалды жеңген кезде келесі қарсыласының алаң иесі ретінде мықты екенін айтқан еді. 

«Финал қиын болады, өйткені қарсыласым бұл алаңды жақсы біледі. Мен өз ойыныма көбірек көңіл бөліп, бар күшімді көрсетуге тырысамын», деген еді ол.