Фото: Getty Images
«Бүгін әлем тоқтап қалды. «Бавария» клубы мен оның барлық жанкүйері жексенбі күні таңертең ерте қайтыс болған Герд Мюллерді жоқтайды», деп жазады футбол клубының баспасөз қызметі
Мюллер жексенбі күні таңертең қайтыс болды. Ол 75 жаста еді.
2015 жылы «Бавария» Мюллердің Альцгеймер ауруымен ауыратынын хабарлады.
Мюллер мансабының көп бөлігін «Баварияда» өткізді. Оның құрамында ол 1964-1979 жылдар аралығында өнер көрсетті. Осы уақыт ішінде ол Мюнхен клубында 607 матч өткізіп, 566 гол соқты. Сонымен қатар, ұлттық құрама сапында 62 матчқа қатысып, 68 гол соқты.
Футбол мансабын аяқтаған соң, Мюллер «Бавария» клубында жастар командасының жаттықтырушысы болып жұмыс істеді.