Кездесудің алғашқы он минутында елордалық клуб қарсыластар қақпасына үш шайба соқты. Оны 4-минутта Кертис Волк, 6-минутта Егор Шалапов, 9-минутта Мэттью Фрэттин салды.
«Сарыарқа» хоккейшілері де қарап қалған жоқ. Степан Грымзин мен Сергей Голоднюк таразы басын теңестірді.
«Барысқа» жеңіс әкелген ұпайды 33-минутта Якоб Лилья, 39-минутта Даррен Диц, 49-минутта Егор Петухов, 59-минутта Роман Старченко соқты.
Осылайша елордалық клуб қарсыласын 7:3 есебімен жеңіп, ҚР Президентінің кубогына ие болды.
«Сарыарқа» – екінші орын, Қытайдың «Куньлунь Ред Стар» командасы үшінші орынды еншіледі.
Ал өскемендік «Торпедо» төртінші орынды місе тұтты.