Саясат • 16 Тамыз, 2021

Аудандарды аралады

124 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенат депутаттары Мұхтар Жұмағазиев пен Бауыржан Қаниев Ақтөбе облысының Ырғыз және Шалқар аудандарына барды, деп хабарлады жоғарғы Палатаның баспасөз қызметі.

Аудандарды аралады

Сапар барысында сенаторлар жергілікті шаруалармен және агроөнеркәсіп саласында еңбек етіп жүрген мамандармен кездесті.

Олар Ырғыз ауданының Құмтоғай ауылында қой шаруашылығымен, жылқы, ірі қара өсірумен айналысатын шаруа қожалықтарының алдағы қысқа жемшөп дайындау барысымен танысты. Шаруалармен кездесулерде ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерліктің өзекті мәселелерін шешу жолдары талқыланды. Өз сөзінде Мұхтар Жұмағазиев фермерлер үшін мал дәрігерлерінің тапшылығы және сапалы ветеринарлық көмек алу мәселесі әлі де өзекті болып отырғанын айтты.

Сондай-ақ депутаттар Шалқар ауданының Жылтыр ауылында салынып жатқан дәрігерлік амбулаторияның құрылыс барысымен танысты. Олар шөлейттенуге қарсы күресу және құмдардың қозғалысын тоқтату үшін сексеуіл көшеттерін отырғызумен айналысатын орман шаруашылығы мекемесіне де барды. Сенатор Бауыржан Қаниев өңірдің экожүйесін жақсарту үшін мұндай іс-шаралардың маңызды екенін атап өтті.

Одан бөлек сенаторлар Шалқар қаласының микроклиматын қалыптастыратын Шалқар көлінің қазіргі ахуалын талқылау үшін мердігер компанияның өкілдерімен кездесіп, биыл сәуір айында басталған көлдің табанын тазарту жұмыстарымен танысты.