Ауғанстандағы «Талибан» ұйымының әрекеті үрей туғыза бастады. Өткен жұма күні оңтүстіктегі үш негізгі қала Ауғанстан үкіметі күштерінің бақылауынан шықты.

Бейсенбіде «Талибан» содырлары елдің екінші және үшінші ірі қалалары – Кандагар мен Гератты арада 12 сағат айырмашылықпен басып алған. Олар Гераттағы цитадель мен полиция штабына шабуыл жасады. Интернетте тараған бейнежазбаларда тәлібтердің көшеде қару атып, губернатордың бос кабинетінде жеңісті тойлаған сәттері бейнеленген.
Бейсенбіде қаланы басып алғаннан кейін мемлекеттік қауіпсіздік күштерінің көліктері Кандагардан шығып бара жатқаны байқалған.
Ауған шенеунігі жұма күні «Талибан» Оңтүстік Гильменд провинциясының орталығы – Лашкаргахты да басып алғанын растады. Провинциялық кеңестің басшысы қаладан тыс үш армия базасы әлі де жұмыс істеп тұрғанын айтты.
Қазіргі уақытта тәлібтер Ауғанстанның провинциялық орталықтарының үштен бір бөлігін өз бақылауына алды. Шабуыл АҚШ әскерін елден шығарғаннан кейін басталып, аз уақыт ішінде жылдам күшейіп кетті. Ал атысты тоқтатуға бағытталған келіссөздер әзірге нәтиже бермей отыр. Бейсенбіде БҰҰ-ның Бас хатшысы Антонио Гутерриш жағдайдың ушығуына алаңдаушылық білдірген еді. Ал елдің солтүстігіндегі мыңдаған ауғандық қатыгез репрессиялық режімнің орнауынан қорқып, үйлерін тастап қашты.
«Осыған дейін түрлі қақтығысты басынан өткерген ауған халқы тағы бір күрделі, қанды кезеңге тап болды. Бұл – ұзақ жылдар бойы зардап шеккен ауғандықтар үшін үлкен қасірет. Бұл араздық қақтығыстардың одан әрі жалғасатынын білдіреді, ал оның ауыр зардабын қарапайым халық тартпақ. Мен барлық тарапқа бейбіт тұрғындарға жасалған шабуылдар халықаралық гуманитарлық құқықты бұзу болып саналатынын және әскери қылмысқа теңестірілетінін ескертемін. Әсіресе, әйелдер мен қыздардың үлкен еңбекпен қол жеткен құқығы тапталып жатқаны туралы хабарлар қабырғаны қайыстырады», деді БҰҰ-ның Бас хатшысы.
Мал шаруашылығын инновацияландыру жол картасы әзірленеді
Қазақстан • Бүгін, 11:30
Мал шаруашылығын дамыту үшін тиісті жем-шөп базасы қажет - Әлихан Смайылов
Үкімет • Бүгін, 11:22
Үкімет басшысы ветеринарлық қызметтің жұмысын регламенттеуді тапсырды
Үкімет • Бүгін, 11:17
Елімізде импортқа тәуелді өнім өндіру саласының үлесі артады
Үкімет • Бүгін, 11:12
2025 жылға дейін республикалық жолдар 100 пайыз жөнделеді – ИИДМ
Үкімет • Бүгін, 11:03
Елордада құрылыс алаңында жұмысшы қайтыс болды
Оқиға • Бүгін, 10:52
Елімізде асыл тұқымды мал басы көбейіп келе жатыр
Қоғам • Бүгін, 10:44
Биыл мал шаруашылығы саласында 62 жоба іске асады
Үкімет • Бүгін, 10:37
Қазақстанда құс етіне импорттық тәуелділік азайды
Қоғам • Бүгін, 10:26
Павлодарда есірткі саудалаған ер адам ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 10:21
Өткен тәулікте елімізде 5 адам коронавирус жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 10:06
Каспий теңізіне батып кеткен екі адамның денесі табылды
Аймақтар • Бүгін, 10:00
«Tiji» және «Nickelodeon» қазақша сөйлейді
Өнер • Бүгін, 09:55
Ташкентте қазақстандық университеттердің филиалы ашылады
Қазақстан • Бүгін, 09:51
Коронавирус жұқтырған 10 адамның жағдайы ауыр
Коронавирус • Бүгін, 09:42
Қазақстандық фильм Лос-Анджелесте өткен фестивальде жүлделі болды
Өнер • Бүгін, 09:27
Brent маркалы мұнай бағасы өсті
Экономика • Бүгін, 09:19
Лай көшкіні балдырған қыздың өмірін қиып кетті
Аймақтар • Бүгін, 09:18
Аймақтар • Бүгін, 09:15
«Тобылдың» бас бапкері қызметінен кетті
Футбол • Бүгін, 09:13
Нибали үздіктер қатарынан көрінді
Спорт • Бүгін, 09:10
Сейсенбіге арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 09:09
Турнирдің ширек финалына шықты
Теннис • Бүгін, 09:07
Хоккей • Бүгін, 09:05
«Астана опера» – әлем назарында
Театр • Бүгін, 09:00
Ербол Шаймерденов атындағы шәкіртақы берілді
Білім • Бүгін, 08:57
Аймақтар • Бүгін, 08:55
Қазақстан • Бүгін, 08:52
Білім • Бүгін, 08:50
Ғалымдар мұғалімдерге кеңес берді
Ғылым • Бүгін, 08:48
Семіздіктің бала болашағына зардабы көп
Қоғам • Бүгін, 08:45
Медицина • Бүгін, 08:43
Неонаталды хирургия: Ұлт мүддесі – ұрпақ саулығы
Медицина • Бүгін, 08:39
Ел дамуының болашағына арналды
Қазақстан • Бүгін, 08:36
Азаматтар құқықтарын қорғау күшейтіледі
Қазақстан • Бүгін, 08:33
БҰҰ өкілімен алдағы референдумды талқылады
Қазақстан • Бүгін, 08:30
Түзетулерді қарапайым тілмен жеткізу қажет
Референдум-2022 • Бүгін, 08:27
Көрші елдермен тату болу маңызды
Пікір • Бүгін, 08:24
Пікір • Бүгін, 08:20
Ауғанстандағы тұрақсыздық алаңдатады
Пікір • Бүгін, 08:15
Ұқсас жаңалықтар