Коронавирус • 16 Тамыз, 2021

Коронавируспен ауырып жатқан 507 науқастың жағдайы ауыр – ДСМ

272 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда 16 тамыздағы мәлімет бойынша, 119 547 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Коронавируспен ауырып жатқан 507 науқастың жағдайы ауыр – ДСМ

Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram каналында жарияланды.

Ондағы мәліметтерге қарағанда, емделіп жатқандардың арасында 31 910 пациент стационарда жатыр, 87 637 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

• 1 937 адамның жағдайы ауыр,

• 507 пациенттің жағдайы өте ауыр,

• 228 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.