«БҰҰ Бас хатшысын Ауғанстандағы жағдай алағдатып отыр. Ол «Талибан» мен басқа тараптарды адамдардың өмірін сақтап қалып, оларды гуманитарлық қажеттіліктермен қамтамасыз ету үшін барынша сабырлылық танытуға үндеді», делінген мәлімдемеде.
БҰҰ Бас хатшысы сондай-ақ Ауғанстанда адам құқықтарының бұзуылуын тоқтатуға шақырды. БҰҰ Ауғанстан тұрғындарына гуманитарлық көмек көрсетуге ниетті.
«БҰҰ бейбіт жолмен реттеу, барлық ауғандықтар, әсіресе әйелдер мен қыз балалардың құқықтарын қорғау және мұқтаж азаматтардың өмірін аман сақтап қалу үшін қажетті көмек көрсету жұмысын көздеп отыр», делінген мәлімдемеде.