ҚТЖ баспасөз қызметі мәліметінше, Меркі ауданының таулы аумақтарында нөсер жаңбыр жауып, содан пайда болған су тасқыны жергілікті автожол мен Аспара-Шу аралығындағы темір жол көпірінің тіреуін шайып кеткен.
«Су өткізу нысаны толық режимде жұмыс істеп тұрған. Дегенмен судың тасқыны мен қысымына төтеп бере алмады. Қазіргі уақытта жүк және жолаушылар пойыздары тоқтатылды. Жолды қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Оған темір жол және автотракторлық техника, 75 т/ж қызметкерлері жұмылдырылды, қажет болған құрылыс материалдары жеткізілді. .
Осыған орай:
- №712 Шымкент - Нұр-Сұлтан - Нұрлы жол;
- №78 Манғыстау - Алматы-2;
- №42 Атырау - Алматы-2;
№23 Алматы-1 - Ақтөбе;
№33 Алматы-2 - Ақтөбе;
№29 Алматы-2 - Атырау бағытындағы жолаушылар пойыздары кешігіп келеді», делінген ҚТЖ хабарында.
Толығырақ ақпарат алу үшін жолаушылар темір жол вокзалдарының анықтама бюросына немесе 105 бірыңғай анықтама қызметіне хабарласуы керек.