19 Қаңтар, 2014

Жасампаздыққа жетелейді

264 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Кеше Орталық коммуникациялар қызметінің мінберінде «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысының бір топ мүшелері Президент Н.Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауына сәйкес өздерінің ойларын айтып, журналис­терге брифинг берді.

Кеше Орталық коммуникациялар қызметінің мінберінде «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысының бір топ мүшелері Президент Н.Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауына сәйкес өздерінің ойларын айтып, журналис­терге брифинг берді.

Кездесуді қозғалыс төра­ғасы Данат Жумин ашып, жүр­гі­зіп отырды. Алдымен ол қозға­лыстың өткен жылдың 6 желтоқ­санында дүниеге келгенін айтып өтті. Оның мақсаты Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясын іске асыру жолында жастардың күші мен білімін біріктіруге бағытталған. Оған түрткі бол­ған Президенттің «Болашақ» сти­пендиясының 20 жылдығына арналған форумда айтқан сө­зі екен. Сонымен бірге, бұл қозға­лысқа «Болашақ» стипендиясы ар­қылы оқымаған жастарды да тарт­тық. Біздің қозғалысымыз қатар­дағы қоғамдық емес, жүйелі түрде құрылған ұйым, деді ол.

Одан әрі Д.Жумин қозға­лыс­тың бүгінгі күнге дейін атқарып жатқан жұмыстары туралы айтты. Біздің ең бас­ты жұмысымыз Президенттің Стратегиясын халыққа түсіндіру, оның аса зор мақсатын ашып көрсету болып табылады. Оны іске асыруға әрбір азаматтың қатысуының маңызды екенін халыққа жеткізуге тырысудамыз. Бұл құжат біздің болашақ ұрпағымыздың жарқын өмір сүруіне қажетті бағдаршам екенін әрбір қазақстандыққа ұғындырып, оның қаншалықты тереңдікті қамти­ты­нын жет­кіземіз. Өзінің және ұрпа­ғының болашағын Қазақстанмен байла­ныстырғысы келетін әрбір азамат үшін бұл Стратегияның орындалуы өте маң­ыз­ды. Біз соны халыққа ұғындыру жо­лын­да еңбек етіп келеміз, деді шешен.

Екінші болып сөзді жас бизнесмен, қозғалыс белсендісі Мұх­тар Манкеев алды. Ол да қозғалыстың мақсатына тоқ­тал­ды. Біздің мақсатымыз Ел­ба­сы Н.Назарбаевтың «Қазақ­с­тан-2050» Стратегиясын қолдау ар­қы­лы елімізді дамыған 30 ел­дің қатарына енгізуге атсалы­су бо­лып табылады. Біздің бар­лық қыз­метіміз осы іске жұмыл­ды­рылған дей келіп, ол 2014 жылғы нақты жұмыстар туралы айтты. 

Сөз кезегі өзіне тигенде бел­гілі балалар кардиохирургі Дмит­рий Горбунов Жолдаудың ден­саулық сақтау саласы туралы айтылған бағыттарына тоқ­та­лып, онда көтерілген мәсе­лелердің өзінің көңілін көншіт­кенін атап өтті. Мәселен, Пре­зи­денттің Қазақстанда медици­налық туризмнің белсенді түр­де дамығанын қалайтыны өте орынды екенін жеткізді. Бұл біздің медицинамыздың көрші елдерге қарағанда, жоғары дең­гейге көтерілуіне мүмкіндік беріп, сол елдер азаматтарының Қазақстанда емделіп, осында ота жасатуға тырысушылығын арттырар еді, деді шешен.

Одан әрі Д.Горбунов өздерінің клиникаларындағы жұмыстарға тоқталып, оған жақын шетелдерден де пациенттердің көптеп келе бастағанын тілге тиек етті. Сөзінің қорытындысында Пре­зиденттің қазақ­стан­дық­тардың орташа жасы 80-ге жетуі жолын­да қыз­мет ету керектігі туралы айтқаны өте орынды екенін атап өтті.

«Қазақстан-2050» жал­пы­ұлт­тық қоз­ғалысының бір белсен­дісі Ұлттық биотехнология орта­лығының қызметкері, жас ғалым, генетик Айша Ысқақова екен. Сөз кезегі өзіне тигенде ол Жолдауда ғылымға өте көп көңіл бөлгеніне тәнті болғанын жеткізді. Ғылым саласындағы ізденістерді қар­жы­ландыру көлемі ІЖӨ-нің 3 пайы­зы көлеміне жеткелі отырға­ны ғылым жолындағы жастар­дың белсенділігін арттыра тү­сері сөзсіз. Ғылыми жолмен дамитын экономикаға тек осындай қамқорлықпен ғана қол жет­кі­зуге болады. Соның ішінде агроөнеркәсіптік кешеннің дамуына да ғылыми жетістіктерді пайдаланудың маңыздылығы туралы көптеген ойлар жасал­ды. Енді Жолдаудағы осы талап­тар­дың бәрі де іске асырылады деген үміттеміз, деді жас ғалым.

Брифингтің соңында жи­нал­ғандар журналистердің көптеген сұрақтарына жауап берді.

Жақсыбай САМРАТ,

«Егемен Қазақстан». 

 

Соңғы жаңалықтар