19 Қаңтар, 2014

Дамудың айқын бағыты

291 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев халыққа арнаған дәс­түрлі Жолдауын зор ықыласпен тыңдадық. Алған әсеріміз бө­лекше. Барша Қазақстан азаматтары аса зор ықыласпен қабыл алған биылғы Жолдау «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты кең ауқымды тақырыпты қамтыды.

Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев халыққа арнаған дәс­түрлі Жолдауын зор ықыласпен тыңдадық. Алған әсеріміз бө­лекше. Барша Қазақстан азаматтары аса зор ықыласпен қабыл алған биылғы Жолдау «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты кең ауқымды тақырыпты қамтыды.

Терең мағынаға ие әрбір жаңа Жолдау – ең алдымен егемен еліміздің ертеңгі жарқын болашағына бастар басты бағыт. Сөз жоқ, Елбасының бұған де­йінгі әрбір Жолдауының өзі –құнды да маңызды стратегиялық құжат. Биылғы Жолдаудың өзегі «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асыруға негізделгендіктен, қоғамдағы әр салаға аса жоғары міндеттер жүктеліп отыр. Бұл жолы да Мемлекет басшысы өз Жолдауында халықты тол­ған­дырып жүрген түйткілді проб­лемаларға айрықша мән беріп, келелі мәселелерге ерекше тоқталды. Елбасының ин­дус­триялық-инновациялық бағ­дар­ламаларды жүзеге асыру арқылы халықты еңбекпен қамту, заманға лайық сапалы білім беру, ғылым мен экономиканы дамыту, ұлттық патриотизмге серпін беру, жаңа технологияларды игеру сынды маңызды мәселелерді көздеген нақты тапсырмалары көптің көкейіндегі ойды дөп бас­ты.

 Экономикалық мәселелерге басымдық берілген Елбасы Жол­дауында алдағы уақытта іш­кі жалпы өнімдегі инвестиция ауқымын бүгінгі 8-18 пайыз­дан 30 пайызға дейін жеткізу қажеттілігі айтылды. Осы орайда Елбасы экономиканың жаңа жоғары технологиялық салаларын құру мен ғылымды қаржыландыруды арттыру қажеттілігін де нақты­ла­ды. Президент еліміздің ин­дус­­­триялық-инновациялық да­му­ бағытын экономикалық әлеуе­тімізді арттыруға негіздеу барысын жетілдіре отырып, Үкіметке ауыл шаруашылығын мейлінше жан­дандыруды және азық-түлік қауіпсіздігін қам­тамасыз ету мақса­тында құр­ғақшылыққа төзімді, ген­­дік модификацияланған дақыл­дар­ды енгізу, тәжірибелік агроин­но­вациялық кластерлер құру мәсе­лесін қарастыруды, жалпы, аг­рарлық ғылымды дамытуды тапсырды.

Жолдауда айтылғандай, Ел­басы Үкіметке 2015 жылдың 1 шілдесінен азаматтық қызмет­ші­лерге еңбекақы төлеудің жа­ңа моделін жасап, енгізуді тап­сыр­ды. Осы орайда алдағы уақыт­та білім беру саласы қыз­мет­керлерінің жала­қысын – 29 пайызға дейін арттыру көзделді. Бұған қоса 2050 жылға дейін Қазақстанға білім берудің бар­лық буындарын жақсарту бойынша елеулі жұмыстар бар. Мемлекет басшысының айтуынша, 2050 жылға дейін Қазақстанға білім берудің барлық буындарын жақсарту бойынша елеулі жұмыс атқарылмақ. Сондықтан да жастардың орта техникалық білім алуының мемлекетпен кепіл­дендірілген ұлттық жүйесіне көшу қарастырылмақ.

Президент Жолдауында жас­тар саясаты мәселесі мен олардың озық білім алуын қамтамасыз ету жайы да назардан тыс қалған жоқ. Елбасы жоғары үлгерімі бар студенттерді қолдаудың тиімді жүйесін құру қажеттілігіне тоқталып, Үкіметке 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап шәкіртақы көлемін 25 пайызға арттыруды қамтамасыз етуді тапсырды.

Еліміздің  әлеу­­­­­­меттік-эко­номикалық жаң­ғыруы Қа­­зақ­­стан дамуының ең басты ба­ғы­ты саналады. Ал адами капиталға қа­тысты сапаның артуы, оның ішін­де білім сапасы мен ғылыми ізденіс нәти­желерін жоғарылату – Президент Жолдауының басты өзегі. Жолдауда жүктелген міндеттер, негізінен, жаһандық дағдарыс салдарынан туындап отырған түрлі қауіптерден Қазақстанның мүддесін қорғау жолын аңғартады. Бір айта кетерлігі, Елбасы анықтап берген мемлекеттік бағдарламалар мен аясы кең мегажобалар өзі­міздің ішкі жағдайымызға ғана емес, белгілі бір дәрежеде өзге де әріптес елдермен қарым-қаты­насымыздың дамуына серпін берері сөзсіз.

Жолдау барысында 2050 жылға дейін Қазақстан өмір сүру үшін қауіпсіз, қолайлы және қауіпсіз ел болуы тиіс деп мәлімдеген Елбасы: «Енді ешкім өзгерте алмайтын бір ақиқат бар! Ана тіліміз Мәңгілік Елімізбен бірге Мәңгілік тіл болды. Қазақ тілін даудың тақырыбы емес, ұлттың ұйытқысы ете білгеніміз жөн. Мәңгілік Ел – ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. «Қазақстан-2050» – Мәңгілік Елге бастайтын ең абыройлы, ең мәртебелі жол», деп атап өтті. Осы орайда Президент «Қа­зақстан-2050» Стратегиясы жол сілтейтін шам­шырақ ретінде еліміздің негізгі мақсаттарын жоғалтпай, адамдардың күнде­лікті өмірінің проблемаларын шешуге мүмкіндік беретінін атап өтті. Бұл тұрғыда жыл сайын ел азаматтарының әл-ауқатын арттыруға ықпал жасайтындығын жеткізді.

Жолдауда көтерілген ауқымды мәселелер Қазақ ұлттық аграрлық университет ұжымының алдында жаңа міндеттерді айқындайды. Бүгінде мемлекеттің берген жаңа мүмкіндіктерін пайдалана отырып, университетіміз әлемдік деңгейдегі зерттеу университетіне трансформациялануға жұмылуда. Бұл орайда ғылымға негізделген инновациялық іс-шараларды жүзеге асыру білікті ғалымдар мен ізденімпаз студенттерімізге жүктеліп отырғаны белгілі. Қа­зіргі күні біздің университетіміз еліміздегі аграрлық сала маман­дарын даярлайтын алдыңғы қа­тарлы жоғары оқу орны саналады. Сондықтан да Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ұжымы Елбасының агрокешеннің алдына қойған міндеттерін өте жақсы түсініп отыр.

Қазақ ұлттық аграрлық уни­­верситетінің ректораты, про­­фессор-оқытушылар, студенттер, магистранттар және қыз­меткерлер ұжымы ел Пре­зиденті Н.Ә.На­зарбаевтың Қа­­зақ­стан халқына ар­­наған биылғы Жолдауында ай­тылған өзекті мәселелерге кеңі­нен қолдау білдіріп, ондағы нақ­ты­ланған міндеттемелер мен тап­сырмалардың жүзеге асырылу жолында аянбай еңбек ете­тіндіктерін жеткізеді.

Тілектес ЕСПОЛОВ,

Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ректоры, 

ҚР ҰҒА вице-президенті, академик.

 

Соңғы жаңалықтар