Ауа райы • 16 Тамыз, 2021

Қазақстанда қайтадан аптап ыстық басталады

1006 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазгидромет Қазақстан бойынша 2021 жылдың 17-19 тамызында болатын ауа райы болжамын жариялады, деп жазады Egemen.kz.

Қазақстанда қайтадан аптап ыстық басталады

Кең көлемді антициклон Қазақстан аумағына өз ықпалын жалғастырады. Тек солтүстікте, шығыста және оңтүстік-шығыста фронтальдық бөліктердің өтуімен қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай, бұршақ және екпінді жел болжанады.

Еліміздің басым бөлігінде күн ыстық болады деп күтілуде. Ауа температурасы күндіз солтүстікте 25...32 градусқа дейін, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста 25...37 градус, орталық пен шығыста 20...31 градусқа дейін көтеріледі. Иран аудандарынан жылы және құрғақ ауа массаларының келуіне орай, Қазақстанның батысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Температураның негізгі аясы 32...43 градус ыстық болады.