Құқық қорғау органдарының мәліметінше, түнде 19 жастағы елордалық хабарласып, белгісіз біреулер құны 230 мың теңге тұратын iPhone 7 телефонын ұрлап кеткенін айтқан.
«Жас жігіттің айтуынша, ол кездесуден кейін үйіне бара жатқан кезінде оған Кравцов көшесіндегі зираттың жанында екі жігіт жақындап, қалтасынан ұялы телефонын шығаруды талап етті. Жігіт бас тартқаннан кейін олар оны ұрып-соғып, телефонын, құлаққаптарын алып, қашып кеткен.
Мобильді қосымшаның арқасында телефонның орналасқан жерін анықтауға болады. Осылайша, күдіктілер ұсталып, полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды», деп хабарлады ведомстводан.
Смартфон тәркіленіп, иесіне қайтарылды. Полиция қызметкерлері қылмыстық іс қозғап, ұсталғандардың қала аумағындағы ұқсас қылмыстарға қатыстылығын анықтауда.