Аймақтар • 16 Тамыз, 2021

Алматы облысында 19 оқушыдан коронавирус анықталды

215 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысында соңғы тәулікте 19 оқушыдан коронавирус анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы облысында 19 оқушыдан коронавирус анықталды

Бұл туралы Алматы облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ақпаратқа сәйкес, өңірде вирустың тарау қарқыны – 1,0%, оның ішінде 326 симптомдық, 44 симптомсыз жағдай. КВИ анықталған 370 жағдайдың 36-сы 14 жасқа дейінгі балалар арасында тіркелген, ал оқушылар арасында 19 жағдай анықталды.

Облыс аудандары арасында коронавирус жұқтыру көрсеткіші: Балқаш-8, Еңбекшіқазақ-15, Ескелді-15, Жамбыл-23, Іле-12, Қарасай-22, Қаратал-9, Кербұлақ-7, Кеген-9, Көксу-9, Панфилов-17, Сарқан-7, Талғар-36, Ұйғыр-10, Талдықорған -155, Текелі-16.

Сондай-ақ бүгінгі күнге дейін 29 555 науқас ауруханадан жазылып шықты.

Соңғы тәулікте стационардан 50 науқас және үй оқшаулауынан 215 адам шығарылды.

Барлығы инфекциялық ауруханада - 617 адам жатыр, аурухана толымдылығы - 44,1%.