Оқиға • 16 Тамыз, 2021

Жыл басынан бері жол апатынан 90 бала қайтыс болды

174 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Жандос Мұраталиев онлайн-брифингте республика жолдарында кәмелетке толмағандардың кінәсінен 1600-ден астам жол-көлік оқиғасы тіркелгендігін айтты, деп жазады Egemen.kz.

Жыл басынан бері жол апатынан 90 бала қайтыс болды

Оның айтуынша, балалардың жолаушы ғана емес, жаяу жүргінші екенін де ескеру қажет.

Бұл ретте жаяу жүргіншілердің кінәсінен болатын жазатайым оқиғалардың негізгі себептері жолдың жүру бөлігін белгісіз жерде кесіп өту, тыйым салынған бағдаршаммен өту, жақын маңдағы көліктің алдын орағыту екені белгілі.

Мәселен, кәмелетке толмағандардың кінәсінен ағымдағы жылдың 7 айында 60-тан астам жол-көлік оқиғасы тіркелді, онда 5 адам қаза тауып, 70 кәмелетке толмаған бала түрлі дене жарақатын алды.

Жалпы есепті кезеңде еліміздің жолдарында кәмелетке толмағандардың кінәсінен 1621 жол-көлік оқиғасы тіркелді, онда 90 бала қайтыс болды, 1860 адам жарақат алды.