19 Қаңтар, 2014

Байыпты бағдарлама, мәртебелі межелер

380 рет
көрсетілді
8 мин
оқу үшін

Қазақстан Президентінің Жолдауы шетелдік саясаткерлердің назарынан да тыс қалған жоқ. Бұған олардың «Қазақстан 2050» Стратегиялық бағдарламасымен  жақсы таныстығы себеп болды. Сондықтан  олар осы Стратегияны жүзеге асырудың жолдарын қарастыратын биылғы Жолдауды дамудың даңғылына бастайтын, тың міндеттерге толы сауатты жоспар болады деп есептеп отыр.

Қазақстан Президентінің Жолдауы шетелдік саясаткерлердің назарынан да тыс қалған жоқ. Бұған олардың «Қазақстан 2050» Стратегиялық бағдарламасымен  жақсы таныстығы себеп болды. Сондықтан  олар осы Стратегияны жүзеге асырудың жолдарын қарастыратын биылғы Жолдауды дамудың даңғылына бастайтын, тың міндеттерге толы сауатты жоспар болады деп есептеп отыр.

Екатерина ШИПОВА, «Дағдарыстан кейінгі әлем инс­титуты» қорының директоры (Ресей):

– Қазақстан Президентінің осы жол­ғы Жолдауын асыға күткен шетел­діктердің бірі менмін. Бұған себеп, мен Қазақ елі басшысының осыған дейінгі жолдауларының бәрінің маз­мұндарымен жақсы таныспын. Олардың бәрі де елдің дамуының кезекті кезеңдерінің нағыз бағдары болды. Осы тұрғыда келешекке қол созған Қазақстанның 2012 жылдың желтоқсан айында қабылданған «Қазақстан-2050» Стратегиялық бағдарламасының мәні мен маңызы өте жоғары. Сондықтан болар, жаңа Жолдауда елдің алдына қойылатын міндеттердің ауқымы өте зор. Ол ең алдымен жұртты тұтынушылық тілекке емес, борышкерлік міндетке үндейді. Бұл сонысымен бағалы.

Татьяна МОСКАЛЬКОВА, РФ Федералды Жиналысы Мемлекеттік Думасының депутаты:

– Қазақстан Президентінің Жол­дауы біз үшін де маңызды. Себебі, біз Бірыңғай экономикалық кеңістік аясында өмір сүріп жатырмыз. Олай болса, Қазақ елінде болып жатқан өзгерістердің Ресейді айналып өтуі мүмкін емес. Маған Нұрсұлтан Назар­баев Жолдауындағы нақтылық пен тұжырымдылық ұнайды, онда ауаға жайылған бос сөздер, мәселенің айналасын сипалай берушілік мүлдем жоқ. Қазақ елі Президентінің арнаулары өзіне өзі сенімді адамның, өз ісінің пайдалы екеніне әбден көзі жеткен тұлғаның көпшілікке жайып салған бағдарламасы болып көрінеді. Олар үнемі өзінің тереңдігімен және де халыққа аса қажет мәселелерге бағытталғандығымен ерекшеленеді.

Мехмет Сейфиддин ЕРОЛ, Халықаралық қауіпсіздік және стратегиялық зерттеу орталығының директоры (Түркия):

– Біз бауырлас, бір тілдес халық­тардың өкілдері ретінде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың әрбір Жолдауына ұдайы ықылас қойып тыңдап, ынта салып қарап отырамыз. Бұл жолы да солай болды. Жолдаудың жарияланғалы жатқанын алдын ала білдік. Білгесін сол сағаттарды күтіп жүрдік. Ал құлақ түрген құжатымыз көңілімізден шықты. Онда тек сырт­қы сая­сат жөнінде ғана емес, барлық сала қамтылды. Әсіресе, мем­лекет­тің әлеуметтік-экономикалық да­му бағытына қатысты тұшымды тұжырымдамалары мен ұтымды пікірлері көңілге жылы ұялады. Біздің бауырлас елдің ішкі саясаты – сындарлы, сыртқы саясаты – көпвекторлы. Бұған күллі әлем, төрткүл дүние куә. Президенттеріңіз жылдағы дәстүр бойынша халыққа Жолдауында Үкіметке нақты тапсырма жүктеді және ол тапсырмалар уақтылы орындалады.

Чжан НИН, Қытай қоғамдық ғылымдар академиясы Орталық Азияны зерттеу бөлімінің меңгерушісі:

– «Қазақстан-2050» Стратегиялық бағдарламасы елдің жарқын болаша­ғының кепілі бола алатын құжат. Қазақ­стан Президенті Назарбаевтың бастамасымен қабылданған «Қазақ­стан-2030» бағдарламасының сәт­ті орындалуы осы сөзіме негіз. Қазақ­стан Президенті мемлекет жалпы халықпен бірігіп, бастапқы қойған мақсаттарды, жоспарларды жүзеге асыруда аянбай еңбек етті. Қазақ халқы еңбекқорлығын, талапкерлігін әлемдік қауым алдында дәлелдеді, мойындатты. Осы қасиеттердің арқасында 2030 жылға жоспарланған нәтижелерге мерзімінен бұрын қол жеткізді. Мақсат – аталған мерзімге дейін дамыған 50 мемлекеттің қатарына кіру еді. Ол мақсат орындалды. Жас мемлекеттің бүгінгі нәтижелеріне қарап-ақ, жаңа Стратегиялық даму бағдарламасы 2050 жылға дейін күттірмес деген ойға келемін.

Бұл Жолдауда  «сапа» деген сөз 10 рет қайталанды. «Өсу», «өрлеу», деген ұғым да содан кем аталмады. Өсу – экономикадағы сіз бен бізге тиесілі үлестің артуы. Ішкі жалпы өнім дейтін ұғыммен астасып жатады. Жалпымызға тиесілі өнім қазір 13 мың АҚШ доллары. 2050-ге қарай 60 мың АҚШ доллары көлемінде болады. Еңсеңізді көтеріңіз, бұл – есебі бар дүние. 

Карлос Вальдес де ла КОНСЕПСИОН, Куба Республикасының Қазақстандағы елшісі:

– Менің ойымша, «Қазақстан-2050» Стратегиясы – дамудың даңғыл жо­лы. Бұл мақсаттарға жету үшін Қазақ­станның барлық мүмкіндіктері бар. Қазақ елі бірнеше жылдардан соң әлемнің алдыңғы қатарлы елдерінің біріне айналады деп сенемін. Бұған өзім Қазақстанға келіп тұрып жатқалы бері де ұдайы көз жеткізіп келемін. Бір ғана Астананың өзі неге тұрады. Тарихта осыншалықты қысқа мерзім ішінде тың алқаптан түрен түргендей етіп, елорданы сала салу бұрын ешкімнің қолынан келмеген. Қаперінде де болмаған. Міне, мұндай батыл қадамға Қазақстан Президенті ғана барды және оны үлкен абыроймен орындап шықты. Ал енді Бүкіләлемдік көрме өткізуге қызу кірісіп жатыр. Осыншалықты батыл істерге барып жатқан елдің болашағы да баянды бола береді деп ойлаймын.

Ирнерио СЕМИНАТОРЕ, Еуропалық халықаралық қатынастар институтының президенті:

– Қазақстанның бүгінгі эконо­микалық дамуы елдегі саяси тұрақ­тылықпен тікелей байланыс­ты. Қазақстанның қол жеткізген жетістігі – Елбасының көреген саясаты мен нақты жоспарының жемісі. Бұл ел тәуелсіздік алған кезеңнен бері Қазақстан экономикалық және саяси тұрғыда қарқынды дамыған.

Президент Нұрсұлтан Назар­баевтың батыл қадамының нәтижесінде сәулетті Астана бой көтерді. Астанаға сапар шегудің сәті түсті. Қазір оны елдің саяси және әкімшілік орталығына айналды деп айта аламын.

Найджел ПИТЕРС, British Expertise компаниясының басшысы (Ұлыбритания):

– Маған белгілісі, Қазақстан тәуел­сіздік алған кезінде өзіне белгілеп алған даму жоспары бойынша нақты әрі қарқынды өркендеді. Қазақ елі нарықтық экономиканың қыр-сырын жетік меңгеріп, бәсекелестік саясатты орната білді. Сондай-ақ, шетелдік инвестиция тарту саласы да өз жемі­сін беруде. Мәселен, тәуелсіздік алған­нан бері Қазақстан экономикасына 160 миллиард АҚШ доллары шамасында инвестиция құйылды. Осы орайда ол Ұлыбританиямен де алдыңғы қатарда байланыс орнатты.

Бүгінде екі ел арасындағы қарым-қатынас жылдан-жылға жанданып келеді. Біздің отандық компаниялар Қазақ елімен байланысты дамытуға әрқашан ниетті. Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың жыл сайынғы Жолдауы халыққа үлкен сенім мен жігер береді. Мен өз басым Мемлекет бас­шысының биылғы Жолдауын да нағыз қайнаған өмірдің өзінен туған құнды құжат, байыпты бағдар деп білемін.

Соңғы жаңалықтар