19 Қаңтар, 2014

Жолдаудан туындаған міндеттер

296 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауынан кейін Бас прокуратураның кеңейтілген алқа мәжілісі болды.

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауынан кейін Бас прокуратураның кеңейтілген алқа мәжілісі болды.

Алқа жұмысына Прези­­­­дент көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Қайрат Қожамжаров, Президент Әкім­шілігінің жауапты қыз­мет­керлері, Бас про­куратура орталық аппаратының, Құ­қықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің, Бас әскери және Бас көлік прокуратураларының қызметкерлері, облыс­­­­тық және оларға теңесті­­­­рілген про­курорлар, бейне­­­кон­­­ферен­­­­циялық байланыс режімінде облыстық, қалалық және аудандық деңгейдегі прокуратуралар қызметкерлері қатысты.

Алқада Бас прокурор мем­ле­­кеттік аппарат пен құқық қор­ғау органдарының алдына Президент Нұрсұлтан Назар­баев қойған стратегиялық мін­дет­терді жеткізді. Асхат Дауыл­баев барлық жеке құрамға бағ­дарламалық құжаттың ере­же­лерін мұқият зерделеуді, Жол­дау­да көрсетілген тапсыр­­­малар­ды жүзеге асыру жөнін­­­дегі іс-шаралар жоспарын әзір­леу бойын­ша жұмыс тобын құ­руды тап­сырды. Сондай-ақ, жина­лыста про­куратура ор­ган­дарының өткен жылғы жұмыс қорытындылары талқы­­­ланды, Президент берген тапсырмаларды ескере отырып,­ қыз­­меттің алдағы кезеңге ар­­­­­нал­ған негізгі бағыттары айқындалды.

Бұдан кейін сөз сөйлеген Қа­­­­­уіпсіздік Кеңесінің хатшы­сы Қайрат Қожамжаров, құ­қық қорғау органдарының тиім­­­ділігін, заңдылық пен құқық­­тық тәртіптің деңгейін одан әрі арттыру, шиеленісті жағ­дай­­ларды ескерту және экс­­тре­­мизм мен терроризмге тосқауыл қоюдың ұтымды тетік­­­терін әзірлеу жөніндегі Мем­лекет басшысының тапсыр­ма­ларын орындаудағы про­к­ура­тураның үйлестірушілік рөлін атап көрсете отырып, «Қазақстан-2050» Стра­­тегиясын жүзеге асырудағы қада­ға­лау органдары жұмысының ба­сым бағыттарын белгіледі. Мә­жіліс барысында заңдылық­тың жай-күйі және прокурор­лық қадағалаудың әртүрлі қыр­­­­­ла­ры егжей-тегжейлі талқыла­­нып, шешімін табуы тиіс про­бле­­ма­лық мәселелер көтерілді, алдағы кезеңге арналған басым бағыт­тар айқындалды.

 «Қазақстан-2050» Стратегиясын, сондай-ақ, Президенттің 2013 жылғы қаңтарда құқық қорғау органдарымен өткізген жиналыста берген тапсырмаларын жүзеге асыру прокуратура органдары қызметінің негізгі өзегіне айналды. Мақсатқа бағытталған жұмыстардың нәтижесінде берілген тапсырмалардың толықтай және белгіленген мерзімінде орындалуына қол жеткізілді. Құқық қорғау қызметін жетілдірудің маңызды бағыттары бойынша жемісті заңнамалық жұмыс жылдың басты қорытындыларының бірі болды. Жаңа Қылмыстық және Қылмыстық іс жүргізу кодекстері Парламент қарауына енгізілді. Құқық қорғау жүйесін одан әрі жаңғыртудың, діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимылдың мемлекеттік бағдарламалары, Құқық қорғау органдарының кадр саясаты тұжырымдамасы, Құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдар басшыларының президенттік резервін қалыптастыру ережесі дайындалды және оларды Елбасы бекітті. Өзге де өзекті құқықтық актілер бойынша жұмыс жалғасуда.

Қадағалау қызметінің аясында про­курорлардың басты күш-жігері халықтың әлеуметтік әлсіз жіктерінің, кәсіпкерлердің және мемлекеттің заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау проблемаларына бағыт­талды. Сыбайлас жемқорлық және экстре­мизм көріністеріне қарсы тұру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілген. 450 мыңнан астам заңдылықтың бұзылуы анық­талып, 32 мыңнан астам заңсыз құқықтық актілердің күші жойылды. 735 қылмыстық іс қозғалды. 670 мың азамат­тың құқықтары қалпына келтірілді, олардың арасында 155 мың кәмелетке жасы толмағандар, 14,5 мың мүгедектер мен қарттар үйлеріндегі адамдар бар. Азаматтардың құқықтарын бұзғандары үшін 11 мыңға жуық лауазымды тұлға және прокурорлық қадағалау актілері бойын­ша барлығы 60 мыңнан астам құқық бұ­зушылар әртүрлі жауапкершілікке тартылды.

Радикалдық діни идеологияны таратудың жолына тосқауыл қоюға бағытталған жұмыс жүргізудің нәтижесінде соттардың шешімімен терроризм және экстремизм идеяларын насихаттаушы 596 деструктивті интернет-ресурсқа кіру тоқтатылды. Кезекші прокурорлар институтының жемісті қызмет етуі нәтижесінде ішкі істер органдарының қызметтік бөлмелерінен заңсыз ұсталып отырған 2 мыңға жуық азамат босатылды. Негізсіз жүргізіліп кел­ген 672 жедел-іздестіру іс-шаралары тоқтатылды. Прокурорлардың наразылығы бойынша 1432 тұлғаға қатысты 1142 сот актілері заңға сәйкес келтірілді.

Қылмыстық қудалау органдарының 2,5 мыңнан астам лауазымды тұлғалары есепке алу-тіркеу тәртібін бұзу және қылмысты жасыру фактілері үшін жауапкершілікке тартылды.

Прокурорлардың араласуынан кейін мемлекеттің кірісіне 8 миллиардқа жуық теңгені, азаматтар мен заңды тұлғалардың пайдасына 14 миллиард теңгені өндіру туралы сот актілері орындалды.

Алқа жұмысының қорытындысы бойынша Бас прокурор өңірлік прокурорларға қадағалау қызметінің тиімділігін одан әрі арттыру, ел Президентінің Жолдауындағы тапсырмаларды жүзеге асыру бойынша нақты міндеттер қойды.

Александр ТАСБОЛАТОВ,

«Егемен Қазақстан».        

Соңғы жаңалықтар