Спорт • 16 Тамыз, 2021

Қазақстандық теннисшілер әлемдік рейтингіде көтерілді

211 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кәсіби теннисшілер қауымдастығы жеке және жұптық разрядтағы рейтингтің жаңа нұсқасын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz Қазақ теннис федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстандық теннисшілер әлемдік рейтингіде көтерілді

Қазақстандық теннисшілер Михаил Кукушкин мен Дмитрий Попко рейтингтегі жағдайын жақсартты. Кукушкин екі позицияға көтеріліп, 129-шы болса, Прагадағы «Челленджер» финалына шығудың арқасында Дмитрий Попко бес жолды жеңіп, 176-шы орынға тұрақтады.

Жұптық сында біздің спортшылар бұрынғы позицияларын сақтап қалды: Андрей Голубев - 36-шы, Бублик - 49-шы және Александр Недовесов - 84-ші орында.