Мен Елбасы Н.Назарбаевтың халыққа арнаған «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауымен танысып, ел экономикасын, республика тұрғындарының әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын одан әрі ілгерілетуді көздейтін басты құжат ретінде қабылдадым.
Мен Елбасы Н.Назарбаевтың халыққа арнаған «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауымен танысып, ел экономикасын, республика тұрғындарының әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын одан әрі ілгерілетуді көздейтін басты құжат ретінде қабылдадым. Осы жолы да Президент қазақстандықтардың арман-мақсатын бірінші орынға қоя отырып қалыптасқан мемлекеттің ұзақмерзімге бағдарланған саяси қадамдарын кезең-кезеңге бөліп қарастыруынан-ақ мемлекеттілігіміздің, ұлттық экономикамыздың, азаматтық қоғамымыздың нақты даму жолын аңғарамыз. Бізді жаһандық дағдарыстардың салдарынан әлемнің әр түкпірінде болып жатқан қаржылық дағдарыстар үрейлендірмейді.
Елбасы әр Жолдауында ұлт денсаулығы табысты болашағымыздың негізі екенін үнемі айтып, саламатты өмір сүруге үндеп келеді. Бұл орайда, денешынықтыру мен спорт ұлт денсаулығының кілті екенін ешкім жоққа шығармаса керек. Бүгінде облыс тұрғындарының төрттен бірі бұқаралық спорттық шаралармен қамтылған. Жүрек-қан тамырлары, туберкулез секілді аса қауіпті аурулардың азая түскені, ана мен бала өлімінің төмендегені байқалады. Мұның бәрі медициналық көмектің қолжетімділігін кеңейтуге бағытталған шаралардың нақты жемісі екені даусыз.
Мұның алдындағы жолдауларда 2015 жылға таман қазақстандықтардың өмір жасының күтілетін ұзақтығын 70 жасқа дейін, ал 2020 жылға қарай 72 жасқа дейін ұлғайту көзделсе, енді 80 жасқа, одан әрі де ғұмыр кешу мүмкіндіктерінің аталуы өте құптарлық. Меніңше, бақытты қарттықты бастан өткерудің бірден-бір жолы, Елбасымыз атап өткендей, өте маңызды мақсат. Оған қол жеткізетін күн де алыс емес. Жыл өткен сайын елімізде денсаулық, спорттық нысандар салу, осы заманғы құрал-жабдықтар орнату жайы жақсарып келеді.
Спорт пен халық денсаулығы Қазақстанның өзінің стратегиялық мақсаттарына жетудегі табысының ажырамас құрамы екенін Елбасы кезекті Жолдауында тағы бір айқындап берді.
Андрей ГЛЫВЯК,
гір спортынан аға жаттықтырушы.
Солтүстік Қазақстан облысы.