Баян Қоңырбаевтың айтуынша, 2021 жылы Алматы цифрлық жетілу рейтингінде 2,7 балл алған. Салыстырмалы түрде қарасақ, 2017 жылы бұл көрсеткіш 1,7 деңгейінде болды.
«Егер 2019 жылы біз оныншы орынға шықсақ, қазір ТМД бойынша «Ақылды» қалалар арасында Мәскеуден кейін екінші орында тұрмыз, бұл ретте Киевті басып оздық», деп атап өтті спикер.
Баян Қоңырбаевтың пікірінше, қала осындай нәтижелерге цифрландырудың маңыздылығын айқын көрудің арқасында қол жеткізді.
«Қазір цифрландырудың маңыздылығын жақсы түсінеміз. Бұл оның бүкіл процесін жетілдіруге ғана емес, сонымен қатар біздің тұрғындар үшін қолайлы жағдай жасауға деген ұмтылысты білдіреді», деді ол.