Саясат • 17 Тамыз, 2021

Әлеуметтік мәселелер қозғалған кездесу

226 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенаторлар Нұрлан Бекназаров пен Айгүл Қапбарова Шымкент қаласына сапары барысында мәслихат депутаттарымен және қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесті, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.

Әлеуметтік мәселелер қозғалған кездесу

Кездесуде мегаполистің әлеуметтік-экономикалық дамуына, денсаулық сақтау саласына және тұрғын үй құрылысына қатысты мәселелер көтерілді. Сенат депутаттары аталған мәселелердің өзектілігіне назар аударып, мұқият зерделегеннен кейін оларды заңнамалық деңгейде шешуге ықпал ететіндерін жеткізді.

Сонымен қатар сенаторлар «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында құрылған көлік-логистикалық компаниясының жұмысымен танысты. Бұл жоба Шымкентте жалпы температурасы мен режімді бақылау мүмкіндігі бар заманауи қоймалар салуға жол ашты. Бұдан басқа, кәсіпорын аумағында кедендік ресімдеу, фитосанитарлық және ветеринарлық бақылау аймағы орналасқан.

Сенат депутаттары мұндай жобаларды іске асырудың маңызы зор екенін айтып, оның өңір экономикасына және тасымалдау әлеуетін арттыруға айтарлықтай үлес қосатынын, сондай-ақ жаңа жұмыс орындарын ашуға үлкен мүмкіндік екенін тілге тиек етті.