Әлем • 17 Тамыз, 2021

Жапонияда жаңа арал пайда болды

425 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жапонияда су асты жанартауы оянып, нәтижесінде жаңа арал пайда болды, деп жазады Egemen.kz Кyodo агенттігіне сілтеме жасап.

Жапонияда жаңа арал пайда болды

Жаңа арал С әрпі тәрізді, диаметрі шамамен 1 километрді құрайды.

Ол жұма күні Ивотодан оңтүстікке қарай шамамен 50 шақырым жерде Огасавара аралдарындағы жанартаудың атқылауынан кейін табылған.

Жапон метеорологиялық агенттігі жанартау белсенділігі жалғасуы мүмкін екенін, жақын маңдағы суларға күл шөгінділері түсетінін ескертті.