Әлем • 17 Тамыз, 2021

Өзбекстанның Бас прокуратурасы ауған ұшақтарына қатысты ақпараттарды жоққа шығарды

218 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өзбекстанның Бас прокуратурасы Telegram арнасынан 14 және 15 тамызда мемлекеттік шекарадан өткен Ауғанстанның әскери ұшақтары мен тікұшақтарына қатысты хабарды алып тастады, деп жазады Egemen.kz.

Өзбекстанның Бас прокуратурасы ауған ұшақтарына қатысты ақпараттарды жоққа шығарды

Департамент бұрын жарияланған ақпараттың «толық түсіндірілмегенін және жауапты департаменттердің тексерілген мәліметтеріне негізделмегенін» айтқан.

Сонымен қатар көрші ел прокуратурасы қателік үшін кешірім сұрады.

Еске салайық, Өзбекстан тарапы бұған дейін өткен сенбі және жексенбі күндері ауғандық ұшақтар мен тікұшақтар шекарадан өткенін хабарлаған болатын.