Мәлімдемеде Ауғанстандағы қақтығыстар мен зорлық-зомбылықты тез арада тоқтату, конституциялық тәртіп пен қауіпсіздікті қалпына келтіру, ұлттық келісімге қол жеткізу және келіссөздер арқылы шұғыл жаңа үкіметті құруға шақырған.
Сонымен қатар БҰҰ мен оның гуманитарлық серіктестеріне мұқтаж адамдарға көмек көрсету мүмкіндігін беру, гуманитарлық қызметкерлерді, дәрігерлер мен аудармашыларды қорғау қажет екенін мәлімдеді.
Халықаралық гуманитарлық құқықты бұзғандар жауап беруі тиіс.
Қауіпсіздік Кеңесі Ауғанстанды басқа елдерге қауіп төндіретін лаңкестер алаңы ретінде пайдалануға болмайтынын атап өтті.