Әлем • 17 Тамыз, 2021

Кабул әуежайы АҚШ пен Ұлыбритания сарбаздарының бақылауында

153 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тәліптердің қолына көшкен Кабулдағы әуежай АҚШ пен Ұлыбритания сарбаздарының бақылауында, деп хабарлайды Egemen.kz Хабар 24-ке сілтеме жасап. 

Кабул әуежайы АҚШ пен Ұлыбритания сарбаздарының бақылауында

Әуе айлағы шетелдіктер мен шетелде саяси баспана алған жергілікті тұрғындарды эвакуациялау үшін қолданылып жатыр. Бірақ тәліптерден қашқан адамдар қарасы қалың.

АҚШ жуық арада ол жерге тағы 500 әскерін аттандырмақ. Қазір онда 2,5 мың америкалық сарбаз бар. Әуежайдағы әскер санын 6 мыңға жеткізуді жоспарлап отыр.

Кабулдағы әуежайды АҚШ-тан бөлек Ұлыбританияның 700 жауынгері бақылап тұр. Сонымен қатар Франция тарапы да адамдарды көшіру үшін арнайы жасағын жіберетінін мәлімдеді. Ал бұқаралық ақпарат құралдары Кабулдың өзінде жағдай тұрақты екенін хабарлайды. «Талибан» радикалды қозғалысы елдегі барлық адамдарды еш алаңсыз жұмысқа шығуға шақырған. Бұл туралы Катардағы тәліптердің өкілі мәлімдеді. Оның айтуынша, тұрғындар  бұрынғы үкіметке қызмет еткені үшін қорықпай жұмысқа орала алады. Бірақ әйелдер хиджаб киіп жүруі тиіс дейді.