Аймақтар • 17 Тамыз, 2021

Көкшетауда ПИК төрағасы тұрғындардың ақшасын қолды қылды деген күдікке ілінді

400 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Көкшетауда ПИК төрағасы қала тұрғындарының ақшасын жымқырды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Көкшетауда ПИК төрағасы тұрғындардың ақшасын қолды қылды деген күдікке ілінді

Көкшетау қаласы полиция басқармасының кезекші бөліміне облыс орталығының тұрғынынан арыз түскен.

Әйел пәтер иелері кооперативінің бұрынғы төрағасы, Көкшетау қаласының 64 жастағы тұрғыны ПИК-ке қатысушылардың ақшасын иемдегененін хабарлаған.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша тиісті сараптамалар тағайындалып, жүргізілуде. Залал сомасы белгіленеді.

ҚР ҚК 189-бабының 1-бөлігі «сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе ысырап ету» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.