Аймақтар • 17 Тамыз, 2021

Шымкентке ауған босқындары келе ме? Қала әкімдігі түсінік берді

302 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Бекен Қоныс facebook-тағы парақшасында мәлімдеді.

Шымкентке ауған босқындары келе ме? Қала әкімдігі түсінік берді

Оның айтуынша, Тоғыс тұрғын алабындағы №120 мектеп базасында ауған босқындарын қабылдау үшін дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр деген ақпарат шындыққа жанаспайды.

«Тоғыс тұрғын алабындағы №120 мектепте жаңа оқу жылына байланысты жоспарлы дайындық жұмыстары атқарылуда», деді Шымкент қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Бекен Қоныс.