Аймақтар • 17 Тамыз, 2021

Алакөлде Достық-Мойынты учаскесі жаңартылуда

453 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысы Алакөл ауданындағы Достық – 19 разъезд аралығында екінші жолдың және 19 разъездегі үш қабылдау-жөнелту жолының құрылысы басталды. Бұл туралы ҚТЖ баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Алакөлде Достық-Мойынты учаскесі жаңартылуда

Қазіргі уақытта екінші жол төселетін жер дайындалып жатыр. 110 мың текше метрден астам жер төсемі себілді. Сондай-ақ 3 су өткізу құбыры ұзартылып, темірбетон теміржол көпірінің құрылысы жүргізілді.

Достық станциясында станциялық жолдарды қайта төсеу үшін жер төсемін салу бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары жүріп жатыр.

№19 разъезде сыртқы электрмен жабдықтау тіректерін монтаждау жұмысы басталды. Оған 80-нен астам адам және 45 бірлік арнайы техника  жұмылдырылды.

Жобаны іске асыру пойыздар қозғалысының жылдамдығын арттыруға, Қазақстанның Қытай-Еуропа бағыты бойынша негізгі транзиттік дәлізінің өткізу және тасымалдау қабілетін ұлғайтуға мүмкіндік береді.