Қазақстан • 17 Тамыз, 2021

Павлодар облысында қос азаматтығы бар 46 адам жауапқа тартылды

684 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Павлодар облысында қос азаматтығы бар 46 адам анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz  Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Павлодар облысында қос азаматтығы бар 46 адам жауапқа тартылды

Железин аудандық соты Қазақстан Республикасының Азаматтық туралы заңнамасын бұзған Ресей Федерациясының 46 азаматына қатысты әкімшілік істі қарады.

«Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Заңның 21-бабына сәйкес, егер адам басқа мемлекеттің азаматтығын алған болса, оның азаматтығы жойылады. Бұдан басқа, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын және шет мемлекеттің азаматтығын қабылдаған адам өзге азаматтықты алған күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде шетелдік азаматтықты алу фактісі туралы Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдарына немесе Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне хабарлауға және Қазақстан Республикасының паспорты мен жеке куәлігін тапсыруға міндетті.

Осылайша, Железин ауданының полиция бөлімінің қызметкерлері 16 тамызда Ресей Федерациясы азаматтарының өткен жылдың қараша айында Ресей азаматтығын алған Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы заңнамасын бұзудың 2 фактісін анықтады.

Құқық бұзушыларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 496-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік материалдар қозғалып, сотта қаралды. Сот отырысында заң бұзушылар кінәсін толық мойындады. Шетелдіктерден Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі мен паспорты алынды, Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалту тіркелді. Құқық бұзушылардың бірі 200 АЕК (408 мың теңгеден астам) мөлшерінде әкімшілік айыппұл түрінде әкімшілік жазаға тартылды, ал екіншісі Қазақстан Республикасы аумағынан шығарылды.

«Азаматтар әртүрлі елдерде белгіленген әлеуметтік, зейнетақы және басқа да жеңілдіктерді пайдалану үшін азаматтықты өзгерту фактісі туралы хабарлауға асықпайды. Құқық бұзушылар өз іс-әрекеттерін ішкі істер органдарына шетелдік азаматтықты алу фактісі туралы хабарлауды үлгермегендігімен немесе ұмытып кеткендігімен сылтау айтады», деді Павлодар облысы Железин аудандық полиция бөлімінің Көші-қон қызметінің аға инспекторы Анастасия Склярова.