Білім • 17 Тамыз, 2021

Шымкенттік оқушы халықаралық олимпиадада күміс медаль жеңіп алды

338 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкент қаласындағы химия – биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 10-сынып оқушысы Тазабек Еркебұлан  география пәнінен өткен халықаралық олимпиадада (IGEO-2021)  күміс медаль жеңіп алды, деп жазады Egemen.kz.

Шымкенттік оқушы халықаралық олимпиадада күміс медаль жеңіп алды

Олимпиада 10-16 тамыз аралығында Түркияның Ыстанбұл қаласында онлайн форматта өтті. Зияткерлік жарысқа әлемнің 46 елінен 200 оқушы қатысты.

Олимпиадаға Ақтөбе, Шымкент және Қызылорда қаласынан төрт оқушы, яғни республикалық пәндік олимпиаданың жеңімпаздары қатысты. Ұлттық құраманы жарысқа тәжірибелі педагогтер мен жаттықтырушылар дайындады. Зияткерлік сайыстың тапсырмаларын жоғары деңгейде орындаған қазақстандық төрт қатысушының үшеуі жүлдегер атанды.

«IGEO олимпиадасы үш бөлімнен тұрады: жазбаша тест, мультимедиялық тест және далалық тур, оның форматы географиялық жағынан көптеген ұлттық олимпиадаларға ұқсас. IGEO негізінен қатысушылардың кеңістіктік қатынастары мен процестерді түсінуін, сондай-ақ осы білімді іс жүзінде экономикалық мақсаттарда қолдану қабілетін тексеретін олимпиада.  Осындай шәкірт тәрбиелеген ұстазы Ақбөпе Жаманқұлқызына алғыс білдіреміз!», деп жазады Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.