Президент • 17 Тамыз, 2021

Қ.Тоқаев Шығыс экономикалық форумына қатысады деп жоспарлануда

182 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2-4 қыркүйекте Владивостокта өтетін Шығыс экономикалық форумына қатысады. Бұл туралы Қазақстанның Ресейдегі елшілігі хабарлады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қ.Тоқаев Шығыс экономикалық форумына қатысады деп жоспарлануда

Фото: akorda.kz

Қазақстанның Ресейдегі елшісі Ермек Көшербаев РФ президентінің кеңесшісі, Шығыс экономикалық форумы ұйымдастыру комитетінің жауапты хатшысы Антон Кобяковпен кездесті.

Кездесуде Қазақстан делегациясының биыл 2-4 қыркүйекте Владивостокта өтетін VI Шығыс экономикалық форумына қатысуы талқыланды.

Ермек Көшербаев аталған форум Қиыр Шығыстың өңірлерімен және ондағы жобалармен танысуға мүмкіндік беретінін атап өтті. Форум аясында қазақстандық делегацияның Ресейдің мемлекеттік органдарымен, іскер топ өкілдерімен, шетелдік қонақтармен кездесуі жоспарланған. 

Пленарлық отырысқа Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев онлайн форматта қатысады деп жоспарланып отыр.