Қоғам • 17 Тамыз, 2021

LRT ісі бойынша 257 млн доллар жоғалған ба?

341 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Белгілі заңгер Джохар Өтебеков «Астана Банкі» АҚ-дағы «Астана LRT» ЖШС шотына салынған 257 миллион АҚШ долларының жоғалғаны туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

LRT ісі бойынша 257 млн доллар жоғалған ба?

«Ақша кетті! Құрылыс алаңы қаңырап бос тұр. Антикор істі бастады. Бірақ тергеуші нағыз ұрылардың орнына сотқа менің қорғауымдағы Талғатты жіберді.

Бұл негізінен француздар мен испандықтардың жобасы, олар әр тиынға жұмыс жасады. Иә, Талғаттың тіпті LRT-ға қатысы жоқ! Бірақ судья 7 жыл «демонстрациялық түрде» шешім шығарды», деп жазды Джохар Өтебеков Facebook-те.

Сонымен қатар Джохар Утебеков фейсбуктегі жазбасында LRT ісіне қатысты кейбір құжаттардың  фотосын жариялады.

Естеріңізге сала кетейік, Джохар Өтебеков бұған дейін LRT құрылысы кезінде қаржы жымқырғаны үшін іздеуде жүрген Қанат Сұлтанбековтың әйелі Қазақстан халқын мазақ етіп отырғанын айтқан болатын.

Astana LRT ісі бойынша үкім 2021 жылдың 28 мамырында шығарылды - 7 адам сотталды, олар нақты жазаға кесілді. Сондай-ақ сотталғандардың мүлкіне қатысты шешім жарияланды.

Алайда, «Астана LRT» ЖШС-ні басқарған Талғат Ардан мен елорда әкімінің экс-орынбасары болған Қанат Сұлтанбеков сотқа тартылмады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің соңғы ақпараты бойынша Интерпол оларды іздеп жатыр.

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда қанша ер мұғалім бар?

Қазақстан • Бүгін, 10:10

Төтеншеліктерге тарту

Аймақтар • 04 Мамыр, 2024