Нұр-Сұлтан қаласында баспана мәселесін шешу үшін 2019 жылдан бері жұмыс істейтін жастарға сатып алу құқығынсыз жалға пәтерлер беру жобасы қолға алынды. Бүгінге дейін аталған бағдарлама арқылы 1400 жас баспаналы болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жастар жылының салтанатты ашылу шарасында ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс істейтін жастарға сатып алу құқығынсыз жалға пәтерлер беру туралы тапсырма берген. Елбасының тапсырмасын 2019 жылы Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі толықтай орындап, жұмысшы жастарға 1050 пәтердің («Астаналық» және «Әлем» сауда орталықтарының арасындағы тұрғын үй кешені) кілтін табыстады.
Келесі 2020 жылға да дәл осындай меже қойылған еді, алайда пандемияға байланысты жоспарға өзгеріс енді. Коронавирус эпидемиясына байланысты былтыр 350 пәтер тапсырылды. Жұмысшы жастарға пәтерлер Нұр-Сұлтан қаласындағы Р.Қошқарбаев даңғылы, Қордай және № 23-31 көшелері қиылысындағы, сол сияқты Абылай хан даңғылы мен Б.Момышұлы және Р.Қошқарбаев даңғылдарының қиылысындағы тұрғын үйлерден берілді. Бұл жылы жастарға берілген баспана көлемі 32-48 шаршы метр аралығын құрайды.
Елбасының бастауымен жүзеге асқан жобаның мақсаты – алдағы 5 жыл ішінде жастардың қаражат жинап, жеке үйін сатып алуына жағдай жасау.
Жоба қатысушыларына қойылар негізгі бес қағидат бар: 29 жастан аспаған, жұмыс істейтін, меншігінде тұрғын үйі жоқ, жинақ жасау үшін депозиттік шотының болуы, сондай-ақ соңғы 6 айда кемінде 40 АЕК табысының болуы. Жобаға қатысушылар қатары да аз емес. Былтыр 1-6 желтоқсан аралығында өтінімдер қабылдау ұйымдастырылып, жалпы 5463 өтініш қабылданды.
Өтінім берген қатысушылар арасында іріктеу балдық жүйе бойынша, ал пәтерлерді бөлу өтініш берушінің отбасы құрамына сәйкес жүргізілді.
Биыл жыл соңына дейін жұмыс істейтін жастарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін 1050 баспананың кілті табыс етілмек.
Айта кетейік, елордада баспана мәселесін шешу үшін ауқымды шаралар жүргізіліп жатыр. Өткен жылы елордада жалпы көлемі 3 миллион шаршы метр болатын тұрғын үй салынып, ел игілігіне берді. Сол сияқты әлеуметтік пәтер беру көрсеткіші де еселеп ұлғайды. Мәселен 2019 жылы 2900 әлеуметтік пәтер пайдалануға берілсе, биыл бұл көрсеткіш 10 мыңға дейін артты.
Үлестік құрылыс проблемалары қалай шешіледі?
Экономика • Бүгін, 00:57
Үкімет • Бүгін, 00:49
БҰҰ-ның Жаһандық шартына қосылды
Экономика • Бүгін, 00:34
Болашағымызға бейқам қарамайық
Қазақстан • Кеше
Әлеуметтік қойылым ЖИТС құрбандарына арналды
Аймақтар • Кеше
Қазақ сыныбы неге қағажу көре береді?
Білім • Кеше
Үш буынды модель: Тергеу сапасы мен жеделдігі артады
Қоғам • Кеше
Әдебиет • Кеше
Қазақстан • Кеше
«Ағатай, жан қалтаңда құртың бар ма?»
Өнер • Кеше
Әдебиет • Кеше
Түрленген театрдың көрермені көбейді
Театр • Кеше
Иса ақынның сүйіншіге берген домбырасы
Қазақстан • Кеше
Экология • Кеше
Экология • Кеше
Аймақтар • Кеше
Театр • Кеше
Өнер • Кеше
Үш өңірде қуаңшылық болады - Қазгидромет
Ауа райы • Кеше
Елорданың тағы бір көшесінде автобус жолағы пайда болады
Елорда • Кеше
Ереймен жеріндегі ежелгі нысандар
Руханият • Кеше
Журналистерге жүлде жауған күн
Қазақстан • Кеше
Бірнеше өңірде 44-45 градус ыстық болады
Ауа райы • Кеше
Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай кең көлемді іс-шара ұйымдастырылады
Ахмет Байтұрсынұлы • Кеше
Air Astana компаниясын IPO-ға шығару кейінге қалдырылды
Қазақстан • Кеше
Кен игерушілер пайдалы қазбаларды игеру салығынан босатылады
Қазақстан • Кеше
Шілдеде қазақстандықтар қанша күн демалады?
Қоғам • Кеше
Елорда тұрғынынан 40 келі есірткі заты табылды
Қоғам • Кеше
ҚазМұнайГаз акциялары AIX және KASE алаңында IPO-ға шығады
Қазақстан • Кеше
Әділет министрлігінің аппарат басшысы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Павлодар облысында қант зауыты іске қосылады
Аймақтар • Кеше
Ұлытау облысы әкімінің орынбасарлары тағайындалды
Аймақтар • Кеше
Алматы тұрғындарының саны өсті
Қоғам • Кеше
Жезқазған қаласына жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • Кеше
ШҚО-да «BALKARAGAI TUNES» халықаралық музыка фестивалі өтеді
Аймақтар • Кеше
Павлодарда емханалардың жұмыс тәртібі өзгереді
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар